
2025 жылғы 7 ақпан күні ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ жұмыс жоспарына сәйкес «Мектептерді кәсіби бақылауға және мемлекеттік аттестацияға дайындаудың принциптері мен технологиялары» онлайн семинарын өткізді.
Алғы сөзінде білім беруді басқару және білім беру ұйымдарының қызметін мониторингілеу жөніндегі әдістемелік бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қ.Т.Байболова күн тәртібімен таныстырып өтті.
Семинар барысында ШҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім беру сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Б. А. Раимбекова нормативтік-құқықтық базамен таныстырып, мемлекеттік аттестаттауды өткізу алгоритмін түсіндірді.
Іс-шараға 2024-2025 оқу жылында мемлекеттік аттестаттаудан өтетін 9 мектептің директорлары мен оқу-тәрбие жөніндегі орынбасарлары қатысты.