
2025 жылғы 5 ақпанда облыс әкімінің орынбасары Е. Ж. Нұрғалиевтің төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті.
Отырыс барысында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға қатысты мәселелер қаралды. Нашақорлыққа, алкоголизмге, темекі шегуге және кәмелетке толмағандар арасында синтетикалық есірткінің таралуына қарсы күрес мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ құқық бұзушылықтың, оның ішінде вандализмнің алдын алу, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалары бар аз қамтылған отбасыларды қолдау шаралары талқыланды.
Отырыста адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілі, балалар құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл, құқық қорғау органдары мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ қалалар мен аудандардың кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия төрағалары қатысты.
Отырыс қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды жақсартуға, профилактикалық жұмыстарды кеңейтуге және осы бағыттағы жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік органдар арасындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды жақсартуға бағытталған тапсырмалар берілді.