
2020 жылғы 28 тамызда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы экология, геология және табиғат қорғау ресурстары министрлігі БҰҰДБ өкілдерімен бірлесіп, экологиялық білім беруді ілгерілету бойынша онлайн-экомост өткізді.
Мақсатты аудитория-білім беру ұйымдарының басшылары, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы жылдың шілде айында Үкіметтің кеңейтілген отырысында мектептерде «Балаларға экологиялық білім беру» пәнін енгізуді ұсынды. «Біз қоғамдық тұрғыдан өзекті болып отырған экология мәселелерімен айналысуымыз керек», - деп атап өтті мемлекет басшысы.
Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов балаларды ерте жастан табиғатпен үйлесімді өмір сүруге, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, ресурстарды ұтымды пайдалануға үйрету өте маңызды екенін айтты.
Білім және ғылым министрлігі 2020-2021 оқу жылынан бастап БҰҰДБ-мен бірлесіп оқушылардың экологиялық мәдениет, білім және тәрбие деңгейін арттыру бойынша жаңа жобаны бастайды.
Спикерлер осы жоба аясында не істелетіні туралы айтты:
«Оператор РОП» ЖШС басқарма төрағасы Құмарғалиев Медет Құмарғалиұлы; БҰҰДБ Тұрақты даму департаментінің басшысы Арман Қашқынбеков; «Тұрақты қалалар - елді мекендер» жобасының жетекшісі Александр Белый; ҚР Үкіметі жобасы БҰҰДБ жетекшісі- Виктория Байғазина; «Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту Қоры» ЖҚ сарапшы-консультанты Кусиденова Гульнар; Халықаралық жасыл технологиялар орталығының өкілі Нұржан Әлібек Маратұлы.
Экомост барысында «Менің экомектеп өмірім» жобасының жетекшісі Немцан Татьяна Николаевна жобаға Қазақстан Республикасының 400-ден астам білім беру ұйымы қатысқанын, Семей қаласының №3 мектеп-кешені жеңімпаз деп танылғанын айтты.
Семей қаласының №3 мектеп-кешенінің директоры Ахметқалиев Нұржан Нигметоллаұлы осы бағыттағы мектептің жұмыс тәжірибесінің тұсаукесерін ұсынды.
Осы жобаның нәтижелері бойынша жалпы елімізде экологиялық білім беруді 5 жылға жылжытудағы басымдықтар анықталды.