«Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы: тәрбие беру сапасын арттыру» облыстық семинар-практикумы

«Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы: тәрбие беру сапасын арттыру» облыстық семинар-практикумы

Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының «Örken» өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2025 жылғы 5 ақпанда ШҚО ББ Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Р. Мәрсеков атындағы орта мектеп» КММ базасында «Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы: тәрбие беру сапасын арттыру» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізді.

Семинардың мақсаты – Ұлан ауданындағы білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру тәжірибесін жинақтау, тарату және облыс педагогтеріне әдістемелік қолдау көрсету.

Семинар барысында «Жас талап» балалар театры, «Отбасылық құндылықтар» әжелер мектебі, «Ежелгі заманнан қазіргі заманға дейін: Құрақ, пэчворк, қамшы» аталар мектебі, «Біз бірге жасаймыз: әкемнің пайдалы дағдылары» әкелер мектебі, «Өз қолыңмен жасалған ғажайып» жеңгелер мектебі бойынша шеберлік сабақтары өткізілді.

Іс-шара соңында ұйымдастырылған рефлексия кезінде қатысушылар өз сұрақтарына толық жауап алды.

#БіртұтасТәрбие #Ата-аналардыПедагогикалықҚолдауОрталығы