
2025 жылғы 05 ақпанда Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжі базасында Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжінің 80 жылдығы аясында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындарының 1-3 курс студенттері арасында информатика пәні бойынша «Ақпараттық қауіпсіздік және компьютерлік желілер» облыстық олимпиадасы өткізілді.
Мақсаты - студенттердің компьютерлік желілер және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы білімдерін, сондай-ақ желілік жүйелерді талдау, жобалау, қорғау дағдыларын қалыптастыру және дамыту.
Олимпиада келесі кезеңдерді қамтыды: «Ақпаратты қорғау әдістері» тақырыбында зияткерлік картасын жасау, «Компьютерлік желілерді құрудың негізгі принциптері»; «Желілік архитектуралар»; «Жергілікті желі технологиялары»; «Желілік модельдер»; «Хаттама»; «Желілердегі адрестеу»; «Пакеттік коммутацияланған компьютерлік ғаламдық желілер» тақырыптарында тестілеу.
Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орындар анықталды:
І орын – Өскемен жоғары политехникалық колледжінің студенті Ерофеев Кирилл, «С. Аманжолов атындағы ШҚУ» КЕАҚ Жоғары колледжінің студенті Дидарқызы Нұрай;
ІІ орын – Өскемен жоғары политехникалық колледжінің студенті Қанатов Бауыржан, Құмаш Нұрғалиев атындағы Жоғары колледжінің студенті Қобланов Рамир, «Қазақстан-Американдық еркін университеті» ЖШС Жоғары колледжінің студенті Сатыбалдин Бейбарыс;
ІІІ орын – «Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ» КЕАҚ Жоғары IT колледжінің студенті Жармұхамет Абылай, Риддер колледжінің студенті Поляков Данил иеленді.
Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!