Орта білім беретін үздік ұйым – 2020

Орта білім беретін үздік ұйым – 2020

«Орта білім беретін үздік ұйым» конкурсы жыл сайын тиімді педагогикалық және басқару тәжірибесін анықтау, қорыту және тарату, орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшыларының кәсіби және тұлғалық өсуін ынталандыру мақсатында өткізіледі.

Конкурс екі кезеңде өткізілді: I кезеңде (аудандық, қалалық) 17 мектептің материалдары іріктеліп алынып, II кезеңде (облыстық) 2020 жылы «Орта білім беретін үздік ұйым» грантының жеңімпазы ретінде Үржар ауданының «Қаратұма орта мектебі және балабақша» КММ грант иегері атанды.

2020 жылдың қорытындысы бойынша номинацияларда  «Орта білім беретін үздік ұйым» байқауының келесі қатысушылары белгіленді:

 «Ғылыми менеджмент мектебі» - Семей қаласы «№3 жалпы орта білім беретін мектеп- балабақша кешені» КММ.

«Инновация мектебі» - Ұлан ауданы «Таврия орта мектебі» КММ.

«Ойшылдар мектебі» - Жарма ауданы «Ақтайлақ би атындағы орта мектебі» КММ.

«Педагогикалық жетістік мектебі» - Шемонаиха ауданы «Жалпы білім беретін Камышинка мектеп-балабақша кешені» КММ.

 

Байқау жеңімпаздарын құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!