
Облыста «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 7 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда.
Олардың ішінде 2024 жылдың соңында 5 мектепте құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды - Өскемен қаласында 2 мектепте, Риддер қаласында 1 мектепте, Глубокое ауданында 1 мектеп және Шемонаиха ауданында 1 мектеп. Бүгінгі таңда аталған мектептерде материалдық-техникалық жабдықтау жұмыстары жүргізілуде.
Мектептің материалдық-техникалық базасын жабдықтау оқу процесін қамтамасыз ету және оқушылар мен педагогтар үшін қолайлы жағдай жасау үшін қажетті барлық ресурстар мен жабдықтарды қамтиды (оқу-әдістемелік жабдықтау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, жиһаз, спорттық жабдықтар, қауіпсіздікке арналған жабдықтар және т.б.).
3 мектеп оқушы орындарының жетіспеушілігін шешу мақсатында салынды (Өскемен қаласындағы «№31 жалпы білім беретін мектебі» КММ, «№40 жалпы білім беретін мектебі» КММ және «Белоусовка №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ) және 2 мектеп ескі ғимараттарды орнына салынды (Риддер қаласындағы «№12 жалпы білім беретін мектебі» КММ және Шемонаиха ауданының «Шәкәрім атындағы №4 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ).
Қазіргі уақытта ШҚО білім басқармасымен оқу процесін ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жүргізілуде.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы тағы 2 жайлы мектептің құрылысы аяқталатынын хабарлаймыз – Өскемен қаласында 1 мектеп, Глубокое ауданында 1 мектеп. Екі мектеп те оқушы орындарының тапшылығын шешу мақсатында салынуда.