
ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Зерделі ақыл-ойды дамыту» аймақтық мектебімен облыс мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері үшін 2025 жылдың 31 қаңтарында «Бастауыш сынып оқушыларына, мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр», «Алтын сақа» олимпиадаларын тиімді ұйымдастыру жолдары» тақырыбында онлайн-семинар өткізді.
Семинардың мақсаты - бастауыш сынып мұғалімдері мен оқушыларына арналған «Алтын тұғыр», «Алтын сақа» олимпиадаларына тиімді дайындалу жолдары және «Зерделі ақыл-ойды дамыту» мектебінің жұмысымен таныстыру.
Шара барысында «Зерделі ақыл-ойды дамыту мектебінің «Талант» бөлімінің басшысы Сарбалин Руслан Құманғалиұлы оқушылар мен мұғалімдерге арналған пәндік олимпиадалардың ұйымдастырылуына және олимпиадаға дайындалудың тиімді жолдарына тоқталып өтті.
«Зерделі ақыл-ойды дамыту мектебінің» Шығыс Қазақстан облысы бойынша онлайн оқыту бойынша директоры Молдаханова Камшат Ерболатовна қойылған сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасты.
Семинарға аудандық, қалалық, облыстық білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Семинар соңында қатысушылар кері байланыс беріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.