
Күн тәртібінде білім беру үрдісінің сапасын талдау және бағалау, негізгі білім беру бағдарламалары бойынша оқушыларды даярлау мәселелері қарастырылды.
Алғы сөз Білім беруді басқару және білім беру ұйымдарының қызметін мониторингілеу жөніндегі әдістемелік бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қ.Т.Байболоваға берілді, «Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын іске асырудың кейбір бағыттарын қозғап, күн тәртібімен таныстырды.
Халықаралық зерттеулер және ынтымақтастықтың әдістемелік бөлімінің басшысы А. К. Муканова, бөлім басшысының орынбасары А.М. Курманбаева және бөлім әдіскері М. Шуршитбай «PISA-2025 негізгі халықаралық зерттеуін ұйымдастыру және жүргізу» баяндамасымен халықаралық зерттеу жүргізу ережесін түсіндірді.
Отырыстың екінші бөлімінде «Мектептерде «Біртұтас тарбие» біртұтас білім беру бағдарламасын енгізу туралы» жаңадан келген мектеп директорлары мен директорлардың орынбасарларына арналған шеберлік сыныптары өткізілді.
Секцияда қазақ тілінде оқытатын директорлары мен директорлардың орынбасарларына Өскемен қаласының «№46 орта мектебі» КММ тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары А.Е. Абдрахманова «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы. Алдын алу шаралары» тақырыбында жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Секцияда орыс тілінде оқытатын директорлары мен директорлардың орынбасарларына Глубокое ауданының «№1 Белоусовка орта мектебі» КММ тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары А.В. Тимофеева «Механизмы реализации программы «Біртұтас тәрбие в образовательной среде школы». тақырыбында жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Отырыс соңында кері байланыс ұйымдастырылды. Директорлар кеңесінің төрағасы М.К. Кенчимбаева, Глубокое ауданының «№1 Белоусовка орта мектебі» КММ директоры отырысты қорытындылап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.