
ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2025 жылғы 28 қаңтарда еңбек өтілі 1-3 жыл аралығындағы директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Аналитикалық қызмет-білім беру сапасын арттырудың негізі» тақырыбында онлайн-семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты - оқыту мен білім сапасын жақсартуға бағытталған директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасарларының аналитикалық қызметі туралы білімін қалыптастыру.
Семинар барысында директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасарлары SWOT талдау, мониторинг, түрлі әдістерді қолдану арқылы білім сапасын арттырудағы әдістемелік қызметтің рөлі туралы өз тәжірибелерімен бөлісті.
Муратова Еркежан Кумаркановна, ШҚО ББ «Өскемен қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім инновация» лицейі» КММ директордың орынбасары «Мектепішілік бақылау- сапа мен өнімділікті арттыру құралы»;
Кожикова Бакытжан Муктаровна, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «46 орта мектебі» КММ директорының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары «Мектепішілік бақылау- сапа мен өнімділікті арттыру құралы»;
Ошакбаева Гульнар Ошакбаевна, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша «Ш. Уалиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары «Білім сапасын көтерудегі жаңашылдық пен әдістемелік қызметтің рөлі»;
Ансельм Татьяна Викторовна, ШҚО ББ Риддер қаласы бойынша «№1 мектеп-лицейі» КММ директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары «SWOT – анализ как один из инструментов аналитической деятельности школы»;
Милкина Галина Анатольевна, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша «№26 орта мектебі» КММ директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары «Мониторинг образовательного процесса-одно из направлений повышения качества образования» тақырыбында.
Семинарға қатысушылар аталған семинардың маңыздылығын, өзектілігін және практикалық пайдалылығын атап өтті.