
ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығы 2020 жылғы 26 тамызда ZOOM платформасында қашықтан «2020-2021 оқу жылында жалпы білім беретін мектептерде «Математика», «Физика» пәндері бойынша білім беру жүйесін ұйымдастырудың ерекшеліктері» математика және физика пәндерінің облыстық қауымдастықтарының отырысын өткізді.
Отырыстың мақсаты - 2020-2021 оқу жылында дене шынықтыру сабақтарында оқу іс-әрекетін ұйымдастыру бойынша математика және физика пәндерінің мұғалімдеріне ақпараттық, әдістемелік қолдау көрсету.
Отырыс жұмысына ШҚО ББ «Шығыс» ӨО әдіскерлері, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, аудандар мен қалалардың» математика және физика пәндерінің мұғалімдері қауымдастықтарының төрағалары қатысты.
Отырыс барысында педагогтар 2020-2021 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктерімен және қашықтықтан оқыту форматындағы оқу процесімен танысты, интернет-платформаларды пайдалану бойынша ұсыныстар берілді.
Облыстық математика және физика пәндерінің мұғалімдері қауымдастығының мүшелері: Солтангулова Сайра Кумаровна, Горлова Ирина Михайловна білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа форматы туралы айтып берді.
Педагогтердің назарына 11-сыныптың жаңартылған білім беру мазмұнына көшу және 9, 11-сыныптарда қорытынды аттестаттаудың жаңа форматы туралы ақпарат жеткізілді.
Онлайн-отырысқа облыстың математика және физика пәндерінің қауымдастығының 36 төрағасы қатысты.