
2025 жылғы 23 қаңтарда ШҚО кәсіптік білім беру орталығы АӘжТД пәні бойынша оқытушылардың облыстық оқу-әдістемелік бірлестігінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес Өскемен жоғары политехникалық колледжі базасында «Алғашқы әскери және технологиялық даярлық пәні бойынша бағдарламадағы ерекшеліктер» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
Мақсаты: қатысушыларды алғашқы әскери және технологиялық даярлық пәні бойынша бағдарламадағы ерекшеліктер мен пәнді оқытудағы инновациялық әдістермен таныстыру.
Семинарға Шығыс Қазақстан облысының 24 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының АӘжТД пәні бойынша оқытушылары қатысты.
Семинар барысында Өскемен жоғары политехникалық колледжінің АӘжТД пәнінің оқытушысы Ержанұлы Досжан әскери салада роботтық техниканы қолдану және техникалық профиль студенттерімен тақырыпты зерттеу тәжірибесімен бөлісті.
Марқакөл ауылының мектеп-интернат-колледжінің АӘжТД пәнінің оқытушысы Ташенов Дархан Фидахметович ақпараттық кеңістіктегі киберқауіпсіздік: қауіптер мен қорғау жолдары туралы баяндама жасады.
Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің АӘжТД пәнінің оқытушысы Оналбаев Азамат Толегенович техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқу дала жиындарын ұйымдастыру жолдары бойынша әдістемелік ұсынымдар жасап, оны қолдану жолдарын көрсетті.
Семинар соңында кері байланыс барысында спикерлер қатысушылардың туындаған сұрақтарына жауап берді.