
ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығы 2020 жылғы 26 тамызда ZOOM платформасында қашықтан «2020-2021 оқу жылында жалпы білім беретін мектептерде «Дене шынықтыру» пәні бойынша білім беру жүйесін ұйымдастырудың ерекшеліктері» дене шынықтыру пәнінің облыстық қауымдастығының отырысын өткізді.
Отырыстың мақсаты - 2020-2021 оқу жылында дене шынықтыру сабақтарында оқу іс-әрекетін ұйымдастыру бойынша дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне ақпараттық, әдістемелік қолдау көрсету.
Отырыс жұмысына ШҚО ББ «Шығыс» ӨО әдіскерлері, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, аудандар мен қалалардың дене шынықтыру мұғалімдері ассоциациясының төрағалары қатысты.
Отырыс барысында педагогтер 2020-2021 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктерімен және қашықтықтан оқыту форматындағы оқу процесімен танысты, интернет-платформаларды пайдалану бойынша ұсыныстар берілді.
Облыстық дене шынықтыру мұғалімдері қауымдастығының мүшелері: Еспенбетов Ризабек Кадылбекович, Шмелева Марина Николаевна, Қаджиақпарова Шынар Нұршаиыққызы әдістемелік ұсынымдардың жаңа форматтары, білім алушыларды қашықтан оқыту бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Онлайн-отырысқа облыстың «Дене шынықтыру» пәні қауымдастығының 20 төрағасы қатысты.