«2020-2021 оқу жылында жалпы білім беретін мектептерде «Информатика» пәні бойынша білім беру жүйесін ұйымдастырудың ерекшеліктері» информатика пәнінің облыстық қауымдастығының отырысы

«2020-2021 оқу жылында жалпы білім беретін мектептерде «Информатика» пәні бойынша білім беру жүйесін ұйымдастырудың ерекшеліктері» информатика пәнінің облыстық қауымдастығының отырысы

ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығы 2020 жылғы 26 тамызда ZOOM платформасында қашықтан «2020-2021 оқу жылында жалпы білім беретін мектептерде «Информатика» пәні бойынша білім беру жүйесін ұйымдастырудың ерекшеліктері» информатика пәнінің облыстық қауымдастығының отырысын өткізді.

Отырыстың мақсаты - 2020-2021 оқу жылында дене шынықтыру сабақтарында оқу іс-әрекетін ұйымдастыру бойынша дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне ақпараттық, әдістемелік қолдау көрсету.

Отырыс жұмысына ШҚО ББ «Шығыс» ӨО әдіскерлері, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, аудандар мен қалалардың » информатика мұғалімдері ассоциациясының төрағалары қатысты.

Отырыс барысында педагогтар 2020-2021 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктерімен және қашықтықтан оқыту форматындағы оқу процесімен танысты, интернет-платформаларды пайдалану бойынша ұсыныстар берілді.

Облыстық информатика пәні мұғалімдері қауымдастығының мүшелері: Бабина Ольга Федоровна, Кумарова Алия Мамыровна білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа форматы туралы айтып берді.

Педагогтердің назарына 11-сыныптың жаңартылған білім беру мазмұнына көшу және 9, 11-сыныптарда қорытынды аттестаттаудың жаңа форматы туралы ақпарат жеткізілді.

Онлайн-отырысқа облыстың «Информатика» пәні қауымдастығының 19 төрағасы қатысты.