
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2020 жылғы 25 тамызда тамыз кеңесінің жұмысы аясында «Атамекен» тарих мұғалімдерінің облыстық қауымдастығының «Жалпы білім беретін мектепте тарих сабағында оқу қызметін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» отырысын онлайн режимде өткізді.
Отырыстың мақсаты - аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне, облыстың білім беру ұйымдарының тарих мұғалімдеріне 2020-2021 оқу жылында тарих сабағында оқу қызметін ұйымдастыру бойынша ақпараттық, әдістемелік қолдау көрсету.
Отырыс жұмысына ШҚО ББ «Шығыс» ӨО, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, аудандар мен қалалардың «Атамекен» тарих пәні мұғалімдері ассоциациясының төрағалары қатысты.
Отырыс барысында педагогтар 2020-2021 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы айтылып, қашықтықтан оқыту үшін электрондық платформаларды пайдалану бойынша ұсыныстар берілді.
«Атамекен» тарих пәні мұғалімдерінің облыстық қауымдастығының төрағалары Киприянова Инна Александровна, Айтказина Алтынгүл Айтқазықызы білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа форматы туралы айтып берді.
Педагогтардың назарына 11-сыныптың жаңартылған білім беру мазмұнына көшуі және 9, 11-сыныптарда қорытынды аттестаттаудың жаңа форматы туралы ақпарат жеткізілді.