«Қашықтықтан оқыту форматында тәрбие жұмысын ұйымдастыруда білім беру Интернет-платформаларын қолдану» облыстық онлайн-семинар

«Қашықтықтан оқыту форматында тәрбие жұмысын ұйымдастыруда білім беру Интернет-платформаларын қолдану» облыстық онлайн-семинар

2020 жылғы 25 тамызда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы тамыз кеңесінің жұмысы шеңберінде «Қашықтықтан оқыту форматында тәрбие жұмысын ұйымдастыруда білім беру Интернет-платформаларын қолдану» облыстық онлайн-семинарын өткізді.

Семинардың мақсаты - аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, сынып жетекшілеріне қашықтықтан оқыту жағдайында облыстың орта білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша ақпараттық, әдістемелік қолдау көрсету.

Семинар жұмысына ШҚО ББ «Шығыс» ӨО, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, облыс мектептерінің сынып жетекшілері қатысты.

Семинар барысында педагогтарды 2020-2021 оқу жылында орта білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктерімен таныстырды, қатысушыларға білім алушылардың зияткерлік, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету бойынша тәрбие жұмысының негізгі бағыттары берілді.

«Қашықтықтан оқытудың әдістері мен құралдары» курсының тренерлері Кашникова Елена Васильевна, Болаева Гульмира Сейткызы, Коконева Шынар Кайрбековна сыныптан тыс іс-шараларды, сынып сағаттарын қашықтықтан ұйымдастырудың тиімді тәсілдері мен формалары туралы айтып берді.

Іс-шараға облыстың 100-ден астам педагогтары қатысты.