
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ 2025 жылдың 21 қаңтар күні «Үздік өлкетану сабағы-2024» облыстық байқаудың сабақтар панорамасын өткізеді.
Байқаудың мақсаты – өлкетану пәнінің маңыздылығын арттыру, мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесімен бөлісу, іс-тәжірибелерін тарату.
Семинарда Риддер, Өскемен қалалары және Тарбағатай, Глубокое, Катонқарағай, Ұлан аудандарынан байқаудың облыстық кезең жеңімпаздары өз жұмыстарын ұсынады, пікір алмасады, тәжірибелерімен бөліседі.
Форматы: онлайн
Өткізілу мерзімі: 2025 жыл, 21 қаңтар.
Уақыты: сағат 12.00-13.30.