
Бүгін 2025 жылғы 10 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасымен облыс аумағында білім беру қызметтерін көрсететін жеке кәсіпкерлермен онлайн кездесу өткізілді.
Талқылаудың негізгі тақырыбы - мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының талаптарын сақтау мәселесі.
Кездесуге ШҚО БССҚД лицензиялау бөлімі басшысының м.а. Б.А. Райымбекова, ШҚО СЭБД білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Б.К. Дырымбаева, ШҚО КИИДБ жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бөлімінің басшысы А.К. Мухамадиева, Өскемен қ. ТЖБ бас маманы А.М. Ахметжанов, сондай-ақ жеке меншік білім беру орталықтары мен кабинеттердің басшылары қатысты.
Мемлекеттік органдардың өкілдері қатысушыларға қолданыстағы нормативтік талаптарды түсіндіріп, олардың сұрақтарына жауап берді.
Кездесу модераторы, білім басқармасы басшысының орынбасары А. Ақылбек, болашақта осындай іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті.