
2025 жылдың 6-8 қаңтары аралығында республика бойынша бір уақытта 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.
Олимпиаданың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi: Шығыс Қазақстан облысының дарынды балаларын анықтап, дамытуға қажетті жағдайлар жасау, олардың интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін дамыту, республикалық және халықаралық олимпиадаларға оқушыларды қатыстыруға іріктеп, дайындау.
Олимпиаданың облыстық кезеңіне аудандық (қалалық) кезеңнің жеңімпаздары мен облысымыздың олимпиадалық резервінің мүшелерінен 500-ден астам оқушы қатысты.
Олимпиаданың облыстық кезеңі С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде, химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткізілді.
Қатысушылардың теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын облыстағы жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары, профессорлары мен ғылым докторлары, Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері кіретін құзыретті қазылар алқасы бағалады.
Олимпиаданың 2 кезеңдерінің қорытындысы бойынша 248 қатысушы жүлдегер атанды: 67 оқушы І дәрежелі дипломмен, 81 оқушы ІІ дәрежелі дипломмен, 100 оқушы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Рейтингке сәйкес командаларға жалпыкомандалық жүлделі орындар берілді.
«Үздік олимпиадалық команда» кубогымен және І дәрежелі дипломмен:
1) Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің командасы;
2) Өскемен қаласының командасы марапатталды.
«Үздік олимпиадалық команда» кубогымен және ІІ дәрежелі дипломмен:
«Үздік олимпиадалық команда» кубогымен және ІІІ дәрежелі дипломмен:
«Үздік ауыл мектебі» кубогымен және І дәрежелі дипломмен Глубокое ауданы Ы. Алтынсарин атындағы Глубокое орта мектебі марапатталды.
«Үздік ауыл мектебі» кубогымен және ІІ дәрежелі дипломмен Шемонаиха ауданы И. Астафьев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі марапатталды.
«Үздік ауыл мектебі» кубогымен және ІІІ дәрежелі дипломмен Күршім ауданы №3 Күршім гимназиясы марапатталды.
«Үздік ауыл олимпиадалық команда» кубогымен және І дәрежелі дипломмен Глубокое ауданының командасы марапатталды.
«Үздік ауыл олимпиадалық команда» кубогымен және ІІ дәрежелі дипломмен Күршім ауданының командасы марапатталды.
«Үздік ауыл олимпиадалық команда» кубогымен және ІІІ дәрежелі дипломмен Ұлан ауданының командасы марапатталды.
Олимпиада жүлдегерлерін, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз! Жоғары жетістіктер мен табыстар тілейміз!