«Ай қонағы» жобасы аясында тіл тасымалдаушыларымен кездесу өтті

«Ай  қонағы» жобасы аясында тіл тасымалдаушыларымен  кездесу өтті

2025 жылдың 8 қаңтарында қысқы каникул мектебі жоспары аясында  Алтай, Глубокое және Шемонаиха аудандарының, Риддер қаласының мектептерінде құрылған қазақ тілін оқыту жөніндегі тіл орталықтарының базасында ұйымдастырылған «Ай қонағы» жобасы негізінде қазақ тілінде сөйлейтін түрлі ұлт өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу оқушылар үшін маңызды рөл атқарды.

Мектеп оқушылары Алтайауданының №6 орта мектеп базасында аталған ауданның мектеп-лицейі тарих пәнінің мұғалімі Мария Владимировна Масимовамен кездесті.

Шемонаиха ауданында оқушылар Шемонаиха ауданы әкімдігінің мәдениет үйінің әртісі және қызметкері Екатерина Николаевна Бейсембаевамен Н.А.Островский атындағы №1 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясының базасында кездесу ұйымдастырды.

Риддерқаласында№1мектеп-лицей базасында оқушылар  №10 орта мектептің география пәні мұғалімі Константин Викторович Рагоцкиймен кездесті.

Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Тархан орта мектеп-балабақша кешені»  мемлекеттік мекемесінің базасында қазақ тілінде сөйлейтін қалалық мәслихат депутаты, Өскемен қаласының №36 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Надежда Александровна Шушаниковамен кездесу өткізді.

Тіл тасымалдаушылары ауызекі қазақ тілін үйренудің басым бағыттарын белгілеп, оқушыларға коммуникативтік ойындар мен интерактивті тапсырмаларда көмектесетін шеберлік сыныптарын өткізді. Бұл сабақтар оқушылар мен ата-аналар үшін тиімді болып, қазақ тілін белсенді қолдану мен  қарым-қатынас ахуалын қалыптастырды. Инновациялық әдістерді қолдана отырып, ана тілінде сөйлейтіндер қатысушыларды тілді практикалық меңгеруге шабыттандырды. Ұйымдастырылған іс-шара қатысушыларды ауызекі қазақ тілін меңгерудегі жетістіктерге шабыттандырған және мәдени дәстүрлерді сақтаудың маңыздылығына деген сенімін нығайтты.