«Білімдегі олқылықтарды жою және білім сапасын арттыру мәселесі бойынша педагогтердің әдістемелік қолдауы» облыстық семинары

«Білімдегі олқылықтарды жою және білім сапасын арттыру мәселесі бойынша педагогтердің әдістемелік қолдауы» облыстық семинары

2025 жылғы 8 қаңтар күні ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы қысқы каникулдық мектеп аясында облыстың 25 нысаналы мектебінің директорлары, директорлардың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына «Білімдегі олқылықтарды жою және білім сапасын арттыру мәселесі бойынша педагогтердің әдістемелік қолдауы» атты облыстық семинар өткізді.

Семинар барысында  білім беру сапасына әсер ететін факторлар қарастырды.

Пленарлық отырыста алғы сөз  ШҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментінің өкілі Б. А. Райымбековаға берілді, баяндамасында жарты жылдық бақылау жұмысының мониторинг қорытындыларын талдау нәтижелерімен таныстырды.

Әрі қарай ШҚО ББ  «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ директоры  С.Ю. Тинькова «Управление качеством профессионального обучения педагогов: от планирования до оценки эффективности» тақырыбында баяндады;

ШҚО ББ «Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған  облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.С. Кусаинова «Мектептегі білімдегі олқылықтарды жоюдағы мектепшілік бақылаудың рөлі» тақырыбында баяндады;

ШҚО ББ  «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ педагог-психологі Г.Ж. Чалдыбаева «Влияние типов мышления педагогов на образовательный процесс» тақырыбында жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Секцияда қазақ тілінде оқытатын мұғалімдер тобына жұмыс тәжірибесімен бөлісті:

ШҚО ББ  «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ директорының орынбасары К.С. Кабзолова «Білім сапасын арттыру және білім беру құзыреттіліктерін дамытудағы функционалдық сауаттылықтың рөлі» тақырыбында;

 

ШҚО ББ  «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ директорының орынбасары Г.С. Кабдыгалымова «Білімдегі кемшіліктерді шектеу және оқу сапасын жақсарту үшін сабаққа дайындық кезінде жасанды интеллектіні пайдалан» тақырыбында;

ШҚО ББ  «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ директорының орынбасары Т.А. Жанахметова «Сыныпты басқару: оқытуға тартудың тиімді стратегиялары» тақырыбында жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Секцияда орыс тілінде оқытатын мұғалімдер тобына жұмыс тәжірибесімен бөлісті:

ШҚО ББ  «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ директорының орынбасары О.В. Макиенко «Роль функциональной грамотности в повышении качества знаний и развитии образовательных компетенций» тақырыбында;

ШҚО ББ  «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ ағылшын пәні мұғалімі М.Д. Синельщикова «Нейросети и мнемотехника при подготовке к уроку» тақырыбында;

ШҚО ББ  «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Н.В. Мельникова «Управление классом: эффективные стратегии вовлечения в обучение» тақырыбында жұмыс тәжірибесімен бөлісті

Шара соңында кері байланыс ұйымдастырылды.  Қатысушылардың туындаған сұрақтарына жауаптары мен әдістемелік ұсынымдар берілді.

#МақсаттыМектептер #ӘдістемелікҚолдау