
ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының қысқы каникул жоспарына сәйкес оқыту қазақ және орыс тілінде жүргізілетін облыс мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері үшін 2025 жылдың 8 қаңтарында «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын арттыру жолдары» тақырыбында онлайн-семинар өткізді.
Семинардың мақсаты - бастауыш сыныптарда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру, іс-тәжірибелермен бөлісу.
Семинарда спикерлер бастауыш сынып оқушыларының математикалық, ғылыми-жаратылыстану, оқу сауаттылықтарын дамыту жолдарына тоқталып, тәжірибелерімен бөлісті.
Шара барысында:
- Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің бастауыш сынып мұғалімдері О.Бөкей атындағы №44 лицейден Т.Абилгазина, № 46 орта мектептен Л.Алпысбаева, №47 жалпы білім беретін мектептен М.Акирова, №19 мектеп-қосымша білім беру орталығынан Т.Сохор, Ю.Токмина, №9 орта мектебінен А.Василенко, №12 мектеп-гимназиядан О.Желудкова бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын жан-жақты дамытуға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдермен таныстырды.
Семинарға нысаналы мектептердің бастауыш сынып мұғалімдері мен аудандық, қалалық, облыстық білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Семинар соңында қатысушылар кері байланыс беріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.