
2025 жылдың 6 қаңтарда ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы және республикалық «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған Республикалық «Алтын тұғыр» олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.
Олимпиаданың мақсаты - бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылысын жетілдіру. Мұғалімдердің шығармашылық әлеуеті мен педагогикалық шеберлігін дамыту, мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру.
Олимпиадаға облыстық кезеңге жолдама алған 161 бастауыш сынып мұғалімдері математика пәні бойынша тест, логикалық тапсырмаларды орындап, білімдерін сынады.
Биылғы облыстық кезеңінен 1 орын алған төмендегі ұстаздарымыз 20 ақпан күні Астана қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.
Василенко Анна Васильевна
Назарбаева Жаныл Кайырбековна
Давыденко Ольга Владимировна
Гартлиб Ирина Анатольевна
Альфонсо Алина Николаевна
Елеуханова Жанар Елеухановна
Апсадыкова Роза Умербековна
Полякова Наталья Борисовна
Кушанова Жанна Серикбековна
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!