
2025 жылғы 8 қаңтарда ШҚО білім басқармасының «Өркен» Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-әдістемелік орталығы мен Өскемен қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалы бірлесіп, жас педагогтерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға арналған мұғалімнің құралдары» атты әдістемелік интенсив өткізді.
Әдістемелік интенсивтің мақсаты: оқушылардың функционалдық сауаттылығы (оқу, математикалық, жаратылыстану-ғылыми және цифрлық) саласында жас педагогтердің құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту, алдыңғы қатарлы педагог-шебер, педагог-зерттеуші педагогтер үздік тәжірибелерімен алмасу, әдістемелік қолдау жасау.
Интенсивтің практикалық бөлімі кейстерді талдаудан және функционалдық сауаттылыққа арналған тапсырмаларды орындау; оқу пәндерінің ерекшелігін ескере отырып, өз тапсырмаларын әзірлеу; топтық жұмыста функционалдық сауаттылықты оқу процесіне интеграциялау бойынша шағын жоба құрудан тұрды.
Қатысушылар функционалдық сауаттылыққа арналған тапсырмалармен жұмыс істеудің теориялық білімі мен практикалық дағдыларын, білім беру практикасында қолдануға болатын тапсырмалар мен әдістердің әзірленген мысалдарымен әдістемелік қоржындарын толтырды.
Функционалдық сауаттылық - тез өзгеретін әлемде табысты өмір сүрудің негізі. Оны қалыптастыру - қазіргі білім берудің негізгі міндеттерінің бірі.
Функционалдық сауаттылық бойынша әдістемелік интенсивті жүргізу педагогтердің кәсіби деңгейін арттыруда және жалпы білім беру сапасын жақсартуда маңызды қадам болады.
Іс-шараға облыс мектептерінің бастауыш сынып, ЖМБ және ҚГБ пәндерінің 200 жас педагогі қатысты.