2025 жылдың 5 қаңтар күні ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ қауымдастықтың қысқы каникул мектебі жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері (Т1, Т2) қауымдастығының отырысын өткізді.
Отырыстың мақсаты – қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінде оқушылардың жасанды интеллект әдістерін қолдану, ұлттық құндылықты меңгертудің тиімді әдістерін ұсыну, тәжірибе алмасу.
Отырыста:
- Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№10 мектеп-гимназия» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі (Т2), педагог-сарапшы А.А.Беркутова «Білім берудегі жасанды интеллект: қиындықтар, мүмкіндіктер, болашағы»;
- Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№12 мектеп-гимназиясы» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі (Т2), педагог-зерттеушi Н.Ж.Смагулова «Жасанды интеллект элементтерін қолдану арқылы оқушылардың оқылым, айтылым дағдыларын дамыту»;
- Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Базылбек Ахметов атындағы орта мектебі» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі (Т1) С.А.Тысымбаева «Қазақ әдебиеті сабақтарында ұлттық құндылықты меңгертудің тиімді жолдары»;
- «Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі (Т1), педагог-модератор Н.К.Толегенова «Аралық аттестаттауға дайындаудың тиімді жолдары» қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері тақырыптары аясында өз ізденістерімен бөлісті.
Кері байланыс жасалып, мұғалімдердің ұсыныс, пікірлері тыңдалды.