
2025 жылғы 05 қаңтар күні ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы математика пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмек беру мақсатында «PISA-ға дайындық барысында математика сабағында функционалдық сауаттылықты дамыту» атты онлайн семинар өткізді.
Семинарда оқушыларды PISA-ға дайындау және математика сабақтарында жаңа технологияларды математика сабақтарында қолдану тәсілдері қарастырылды.
Семинар барысында:
-Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№7 орта мектебі» КММ математика пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Адельбаева Г.М;
-Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№11орта мектебі» КММ математика пәні мұғалімі педагог-сарапшы Манакова А.К іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинардың рефлексивті бөлімінде қатысушылар PISA-ға дайындық барысында математика сабақтарында функционалдық сауаттылықты қолданудың практикалық маңыздылығын, спикерлер ұсынған материалдардың жоғары мотивациялық құндылығын атап өтті.
Іс-шараға облыстық жалпы білім беретін мектептердің матиматика пәнінің 84 мұғалімі қатысты.
Семинар модераторлары: Г.М. Абышева - ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндердің әдістемелік бөлімінің жетекшісі, бөлім әдіскері Блейменова Г.Б.
#МақсаттыМектептер #ӘдістемелікҚолдау