
ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2025 жылғы 5 қаңтар және 8 қаңтар аралығында онлайн және оффлайн форматтарда 3000-нан аса қатысушыны қамти отырып, педагогтердің қысқы демалыс мектебін өткізеді.
Мақсаты - педагогтердің білімін үздіксіз кәсіби дамыту, озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату, біліктілігін арттыру және әдістемелік қолдау.
Демалыс мектебі жұмысының бағдарламасында:
Спикерлер – «Үздік педагог - 2024» атағының иегерлері, конкурстарының жүлдегерлері, білім бөлімінің әдіскерлері, тәжірибелі директорлар, директорлардың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, тәжірибелі педагогтер.
Мақсатты аудитория - әдістемелік кабинеттердің әдіскерлері, білім беру ұйымдарының басшылары, директордың ОЖ және ТЖ жөніндегі орынбасарлары, орта және қосымша және арнайы білім беру ұйымдарының педагогтері.
Жұмыс түрлері – оқыту, оффлайн форматындағы семинар-практикум, шеберлік сыныптар, онлайн-семинарлар, әдістемелік алаңдар.
Құрметті ұстаздар!
Қысқы демалыс мектебінің іс-шараларына белсенді қатысуға шақырамыз!