
2020 жылғы 21 тамызда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» ӨО «ҚР ДСМ тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ШҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті» РММ-мен бірлесіп «2020-2021 оқу жылында коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуы жағдайында білім беру ұйымдарының жұмысын, құрылымын және тәртібін қамтамасыз ету бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» тақырыбында облыстық онлайн-семинарын өткізді.
Семинардың мақсаты - 2020-2021 оқу жылында короновирустық инфекцияның (COVID-19) таралуы жағдайында білім беру ұйымдарының ерекше жұмыс режиміне қойылатын санитарлық ережелер мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды түсіндіру.
Семинарға облыс білім беру ұйымдарының мектеп директорлары, директордың оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, барлығы 100-ден астам адам қатысты.
Онлайн-семинар барысында ҚР ДСМ тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының м.а. Исмаилов Марат Әділжанұлы 2020-2021 оқу жылында коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуы жағдайында білім беру ұйымдары жұмысының санитарлық-эпидемиологиялық талаптарын сақтау ережелері мен нормалары туралы ақпарат берді.
Марат Әділжанұлы өз сөзінде карантин және шектеу іс-шаралары кезеңінде
1-4 кезекші сыныптар үшін білім беру ұйымдарында оқыту жағдайларын жасау қажеттігін ерекше атап өтті. Санитарлық-эпидемиологиялық нормаларын қатаң сақтай отырып, кезекші сыныптардың жұмыс істеуі, мектептерде тиісті жағдайлар болған кезде ата-аналардың өтініштері бойынша 15 балаға дейін жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, мектеп басшыларының назарына ауылдық шағын жинақты мектептердің штаттық режимде жұмыс істеу талаптары мен ережелері түсіндірілді.
Онлайн-семинар аясында тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.