
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі 2024 жылғы 25 желтоқсанда Астана қаласында Қазмедиа орталығының концерттік залында Қазақстан Республикасы Президентінің атынан «ЖАҢА ЖЫЛ РЕСПУБЛИКА ТӨРІНДЕ» жаңа жылдық шырша мерекесін өткізді.
Жаңа жылдық мерекенің мақсаты – қысқы демалыс кезеңінде үздік оқушылар үшін мерекелік демалысты қамтамасыз ету және қуанышқа, ойын мен көңіл көтеруге толы қайталанбас естеліктер сыйлау.
Шығыс Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Жаңа жылдық шыршаға ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылықта немесе қоғамдық өмірде жетістіктерге жеткен дарынды балалар қатарынан 5 үздік оқушы қатысты.
Шыршаның жас қатысушылары үшін балалардың елордада болуына орай елорданың көрікті жерлерін аралай отырып экскурсиялық және мәдени-ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Жаңа жылдық шыршадағы балаларды Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаев құттықтап, мемлекеттің басты миссиясы – әрбір жас қазақстандықтың әл-ауқатына қамқорлық жасау екенін атап өтіп, балаларға жаңа жылдық көңіл-күй мен жақсы оқуды тіледі.
Әрбір қатысушы Жаңа жылдық сыйлықтар ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің атынан құттықтау ашықхатын, рюкзак, кітаптар, iPad және тәтті сыйлық-кулек алды.