«Заманауи мұғалімнің құралы ретінде жасанды интеллекттің озық технологиялары» бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту нәтижелері

«Заманауи мұғалімнің құралы ретінде жасанды интеллекттің озық технологиялары» бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту нәтижелері

ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2024 жылдың 6 қарашасы  20 желтоқсан аралығында «Заманауи мұғалімнің құралы ретінде жасанды интеллекттің озық технологиялары» бағдарламасы бойынша облыстың математика, физика, информатика және робототехника мұғалімдерін оқытуды аяқтады.

Бағдарламаның жаңалығы ЖИ тек құрал ретінде емес, сонымен қатар оқыту тұжырымдамасының өзін өзгертетін фактор ретінде оның интегративті тәсілі болып табылады. Бұл тәсілді енгізу курс тыңдаушыларына мәліметтерді талдау және ЖИ мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім беру үлгілерін құру дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді. Қатысушыларға ұсынылған тапсырмалар оқушылар мен педагогтер үшін облыстық конкурстардың үздік тәжірибелеріне сүйеніп, практикалық бағытқа ие болды.

Осындай инновациялар әдіс-тәсілдері арқылы мұғалімдер жасанды интеллект технологиялары саласындағы білімдері мен дағдыларын кеңейте алды. Мысалы, мұғалімдер презентациялар жасау, қысқа мерзімді сабақ жоспарларын, тесттерді әзірлеу және деректерді талдау үшін ЖИ қолдануды үйренді. Сонымен қатар, оқу материалдарын дайындау процесінде мобильді қосымшалар мен нейрондық желілерді қолдану білім беруді цифрландырудың маңызды қадамы болды.

Бағдарламаны Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ оқытушылары педагогтерге жасанды интеллекттің теориялық негіздеріне еніп қана қоймай, оқу қызметін оңтайландырудың нақты құралдарын зерделеуге мүмкіндік берген білім беру процесінің өзекті сын-тегеуріндерін ескере отырып әзірледі және ШҚО ББ Облыстық сараптамалық кеңесімен ресми түрде бекітіліп, бағдарламаның сапасы мен өзектілігінің кепілі болды. Бұл білім беру жобасы білім беру процесін цифрлық трансформациялау жолындағы маңыздылығын көрсетті.

Аталған оқыту бағдарламасына облыстың білім беру ұйымдарының 73 педагогі қатысып, сертификат алды.