«Ұстаз» фильмін көру

«Ұстаз» фильмін көру

2024 жылғы 23 желтоқсан күні ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскерлері  мен қызметкерлері «Ұстаз» фильмін көріп талдау жасады.

Бұл туынды шынайы өмірден алынған және ауыл мектебіндегі ұстаздың қажырлы еңбегі мен мейірімді жүрегін суреттейді. Фильмнің басты кейіпкері Ильяс – тәжірибелі педагог, ол оқушылардың білімдегі олқылықтарын жоюға көмектесіп, оларды оқуға деген қызығушылық пен сенімін арттырады.

Мұғалімдік жұмыста оқушылардың  ата-аналарымен де тығыз байланыс орнату, әр шәкіртіне қолдау көрсету- орасаң зор жауапкершілікті талап етеді.

Бала  тәрбиесінің қыр-сырын білу үшін  «Ұстаз» фильмі мұғалімдерге де, жалпы қоғам үшін де маңызды.

Бұл туынды мұғалім мен оқушы арасындағы сенімнің, ата-ана мен мектептің бірлесе жұмыс жасауының маңыздылығын айқындайды.

Педагогикалық қиындықтарға қарамастан, әр баланың жүрегіне жол табуға болатынын дәлелдейді.

Ауыл өмірінің де  ұстаз жұмысының  өз қиындықтары бар, қоғам пікірі дұрыс болуы үшін әркім өз миссиясын дұрыс орындау керек деген түйінге келдік.

Бейсен Құранбектің сценарий бойынша шығарылған «Ұстаз» фильмі көпшілік қауымның жүрегінен орын алатынына сенімдіміз.

Барлық  мектеп ұжымдарында фильмді  ата-аналармен бірге көріп және ұрпақ тәрбиесіне өз үлестеріңізді  қосуға шақырамыз.