ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ 2024 жылғы 20 желтоқсан күні жалпы орта білім беретін мектептердің және облыстық білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдеріне арналған «Бәсекелес педагог – 2024» облыстық байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты – педагогтердің ғылыми-әдістемелік, кәсіби және ақпараттық, цифрлық құзыреттілік деңгейлерін арттыру, шығармашыл мұғалімдерді анықтау.
Байқаудың облыстық кезеңіне 13 педагог қатысты.
Конкурстық комиссияның шешімі бойынша марапатталды:
БАС ЖҮЛДЕ - Е.Е.Әмірханов, Күршім ауданы бойынша ББ «Алғабас орта мектебі» КММ;
І дәрежелі диплом - М.Мұралбек, Тарбағатай ауданы бойынша ББ «Абай атындағы орта мектебі» КММ;
ІІ дәрежелі диплом - Е.Д.Бұланбек, Алтай аудан бойынша ББ «Алтай қаласының №9 орта мектебі» КММ;
ІІ дәрежелі диплом - А.А. Ақанбек, Глубокое ауданы бойынша ББ «№1 Белоусовка орта мектебі» КММ;
ІІІ дәрежелі диплом - Е.Д.Джаксылыков, Самар ауданы бойынша ББ «Мариногорка орта мектебі» КММ;
ІІІ дәрежелі диплом - Н.Ж. Кыстаубаева, Шемонаиха ауданы бойынша ББ «А.Байтұрсынов атындағы №5 жалпы орта мектеп-бөбекжай-балабақша кешені» КММ;
ІІІ дәрежелі диплом - Т.К. Дюсюпова, Өскемен қаласы бойынша ББ «№35 орта мектебі» КММ;
Келесі номинациялар берілді:
«Үздік сабақ талдауы» - Ж.Қ.Советова, Ұлан ауданы бойынша ББ «А.С.Пушкин атындағы орта мектебі» КММ;
«Үздік ізденіс жұмысы» - А.Г.Свириденко, Марқакөл ауданы бойынша ББ «№1 Марқакөл орта мектебі» КММ;
«Үздік портфолио» - Е.М.Қалқанбаева, Зайсан ауданы бойынша ББ «Мұжықсу негізгі орта мектебі» КММ.
Байқауға қатысқан мұғалімдерге сертификаттар берілді.