
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік ақпараттандыру және білім беруді дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ 2024 жылғы 20 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Заки Ахметов атындағы №16 орта мектебі» КММ тарих пәнінің мұғалімі педагог-зерттеуші, гуманитарлық ғылымдар магистрі Арыстанбек Дианамен, және 8Ә сынып оқушыларымен бірлесіп облыс мектептерінің 8-сынып оқушылары үшін «Тәуелсіз Қазақстан мәдениеті» тақырыбында цифрлық форматта тарихи есте сақтау сабағын өткізді. Іс-шараға облыс мектептерінің 8-сыныптарының мыңнан астам оқушылары қатысты.
Сабақта Тәуелсіз Қазақстан мәдениетінің түрлі аспектілері, оның қоғамдағы маңыздылығы, мәдени даму бағдарламалары «Мәңгілік ел» және «Мәдени мұра, сонымен қатар проблемалары мен жетістіктері қозғалды. Топтарда белсенді жұмыс жүргізілді, оқушылардың онлайн аудиториясымен тұрақты байланыс орнатылды.