ШҚО білім басқармасының басшысы И.А. Чернышёваның «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» бағдарламасы бойынша 2024 жылғы республикалық кадр резервіне кірген облыс педагогтерімен кездесуі

ШҚО білім басқармасының басшысы И.А. Чернышёваның «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» бағдарламасы бойынша 2024 жылғы республикалық кадр резервіне кірген облыс педагогтерімен кездесуі

2024 жылғы 19 желтоқсанда ШҚО білім басқармасының басшысы И.А. Чернышёваның «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» бағдарламасы бойынша 2024 жылғы республикалық кадр резервіне кірген облыс педагогтерімен кездесуі өтті. Олар «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының базасында «Мектеп басшыларының кадр резерві: білім беру көшбасшыларының жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған даму әлеуеті мен стратегиясы» бағдарламасы бойынша оқыды. Биыл облыстан 16 педагог іріктелді. Кездесуде резервистер оқыту нәтижесінде өздеріне алған мектептердің қызметін тиімді басқару үшін қажетті дағдылар мен білімдер, құзыреттер туралы айтып, әсерлерімен бөлісті. Бұдан бөлек, алға қойған мақсаттары жайында да әңгіме өрбітті. Сондай-ақ, кездесуде Басқарма басшысы облыстың білім беру ұйымдарының педагогтары үшін резервистердің алған тәжірибелерін таратудың қажеттігі мен маңыздылығын атап өтті.