
2024 жылдың 10-14 желтоқсаны күндері Шығыс Қазақстан облысының оқушылары Астана қаласында өткен ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша қатысты.
Олимпиаданың мақсаты - ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау және қолдау үшін оңтайлы жағдайлар жасау.
Олимпиада қорытындысы бойынша облысымыздың жетістіктер қоржыны 9 медальмен: 1 алтын, 8 қоламен толықты.
І дәрежелі дипломмен және алтын медальмен Глубокое ауданы Белоусовка орта мектебінің 10 сынып оқушысы Хасенов Фариз (ағылшын тілі) марапатталды.
ІІІ дәрежелі дипломмен және қола медальдармен:
Алтай ауданы А. Сумин атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Воробьев Тимур (ағылшын тілі);
Марқакөл ауданы №1 Марқакөл орта мектебінің 11 сынып оқушысы Ерланұлы Ернияз (қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі);
Глубокое ауданы Опытное поле орта мектебінің 11 сынып оқушысы Таукенова Айза (қазақ тілі мен әдебиеті);
Зайсан ауданы Қазақстан орта мектебінің 11 сынып оқушысы Азатхан Алтын (қазақ тілі мен әдебиеті);
Күршім ауданы №3 Күршім гимназиясының 11 сынып оқушысы Жанпеисов Шынғыс (Қазақстан тарихы);
Күршім ауданы Ю. Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебінің 10 сынып оқушысы Фархатқызы Аяужан (құқық негіздері);
Ұлан ауданы Қ. Қайсенов кентінің орта мектебінің 11 сынып оқушысы Қағазбеков Бекзат (құқық негіздері);
Шемонаиха ауданы, И. Астафьев атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Аманжолова Камила (орыс тілі мен әдебиеті) марапатталды.
Олимпиада жүлдегерлерін, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз! Жоғары жетістіктер мен табыстар тілейміз!