Информатикадан XV Еуразиялық олимпиадасының қорытындысы

Информатикадан XV Еуразиялық олимпиадасының қорытындысы

2024 жылғы 13-14 желтоқсан күндері Алматы қаласындағы Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (ХАТУ) базасында информатикадан XVI Еуразиялық олимпиада өтті.

Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру, оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамыту.

Олимпиада сынақ және негізгі екі тур бойынша өткізілді.

Олимпиада қорытындысы бойынша III дәрежелі дипломмен және қола медальдармен Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің оқушылары Амангелді  Алдияр (9 сынып), Ғазиз Мәди (10 сынып), Касиман Алемхан (11 сынып) , Маратұлы Әлинұр (11 сынып) марапатталды.

Оқушыларды жеңістерімен құттықтай отырып, алдағы уақытта сәттілік пен жеңістер тілейміз!