
2024 жылдың 9-12 желтоқсан аралығында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясындағы инклюзивті білім беру бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері Ногайбаева Г. А. қатысуымен облысымызда орта білім беру ұйымдарының оқушылары мен педагогтері арасында инклюзивті білім беру бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Зерттеудің мақсаты - инклюзивті білім беруде педагогтер мен оқушылардың пікірлерін, педагогтердің инклюзивті практикаға кәсіби дайындықтарын зерделеу, орта білім беру жүйесінде сапалы білім берудің инклюзивтілігі мен қолжетімділігін қамтамасыз етудің ғылыми-әдіснамалық негіздері мен тұжырымдамалық моделін әзірлеу.
Зерттеуге Өскемен қаласының «М. Шаяхметов атындағы №23 орта мектебі» КММ Глубокое ауданының «Предгорное орта мектеп-балабақша кешені» КММ және Ұлан ауданының «Р. Марсеков атындағы орта мектебі» КММ 4-11 сынып оқушылары мен оларға сабақ беретін педагогтер қатысты.