9-11 сынып оқушылары арасында баскетболдан «Алтын доп» Ұлттық Мектеп лигасының (ұлдар, қыздар) қорытындысы

9-11 сынып оқушылары арасында баскетболдан «Алтын доп» Ұлттық Мектеп лигасының (ұлдар, қыздар) қорытындысы

Оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту мақсатында 2024 жылғы 9-12 желтоқсан аралығында Өскемен қаласында 9-11 сынып оқушылары арасында баскетболдан «Алтын доп» Ұлттық Мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған командалар:

Ұлдар арасында:

І орын – «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ;

ІІ орын – «М. Әуезов атындағы №17 орта мектебі» КММ, Өскемен қаласы;

ІІІ орын – «Х. Мұстафина атындағы мектеп-лицейі» КММ, Зайсан ауданы.

Қыздар арасында:

І орын – «Д. Қонаев атындағы №3 орта мектебі» КММ, Риддер қаласы;

ІІ орын – «М. Шаяхметов атындағы №23 орта мектебі» КММ, Өскемен қаласы;

ІІІ орын – «Алтай қаласының мектеп-лицейі» КММ, Алтай ауданы.

Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!