«Өзін-өзі тану:сүйіспеншілікке қызмет» Шығыс Қазақстан облысының өзін-өзі тану мұғалімдерінің облыстық тамыз кеңесінің секциялық отырысы

«Өзін-өзі тану:сүйіспеншілікке қызмет» Шығыс Қазақстан облысының өзін-өзі тану мұғалімдерінің облыстық тамыз кеңесінің секциялық отырысы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2020 жылғы 20 тамызда тамыз кеңесінің жұмысы аясында облыстық білім беру ұйымдарының «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдерінің секциялық онлайн-отырысын өткізді.

Мақсаты-білім беру ұйымдарында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын іске асыру сапасын жаңғырту мәселелерін талқылау.

Секциялық отырысқа Білім басқармасының мамандары, облыстық «Шығыс» орталығының, қалалық аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері, ШҚО білім беру ұйымдарының «Өзін-өзі тану» пәнінің педагогтері қатысты.

Секциялық отырыс барысында педагогтер «Бөбек» ҰҒПББСО әзірлеген қашықтықтан оқыту жағдайында өзін-өзі тану сабақтарын ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемелік әзірлемелерімен танысты. Өзін-өзі тану мұғалімдері қашықтықтан оқыту жағдайында оқушылардың жобалық қызметін ұйымдастырудың ерекшеліктерімен танысты, оқушылар мен ата-аналарға арналған нұсқаулықтар берілді.

Мектеп педагогтері өзін-өзі тану сабақтарында рухани-адамгершілік негіздерді қалыптастыру бойынша жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

Іс-шараға облыстың 100-ден астам педагогтері қатысты.