
2020 жылдың 20 тамызында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы арнайы білім беру ұйымдары қызметкерлерінің тамыз конференциясының секциялық отырысын өткізді, оған 60-тан астам педагог қатысты.
Секция жұмысы қашықтықтан оқыту мәселелеріне арналды және онлайн режимінде жүргізілді.
Іс - шараның мақсаты – мүгедек балалардың білім алу қажеттіліктерін іске асыруды қамтамасыз ететін қашықтықтан оқыту форматында оқыту жағдайларын жасау үшін ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттарда және психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде (ППТК) әдістемелік көмек көрсету және психологиялық-педагогикалық процесті ұйымдастыру жөніндегі нормативтік құжаттың жобасымен танысу. Іс-шараға қатысушылар – облыстық мектеп интернаттарының директорлары, директордың оқу жөніндегі орынбасарлары және ШҚО ББ (ППТК) психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің мамандары.
Онлайн-кеңес аясында тәжірибе алмасты:
- ШҚО ББ Риддер қаласы, «№7 арнайы мектеп интернаты» КММ директоры Кдыргалиева Гульнар Коксугеньевна;
- ШҚО ББ «Ақ ниет» мектеп-интернаты» КММ директоры Кривицкая Светлана Каримуллаевна;
- ШҚО ББ «Ұлан ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ әдіскері Калиева Айгерим Манарбековна.
Қашықтықтан оқытуды үйлестіру және ұйымдастыру-әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ету үшін коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуы жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың оқу процесін ұйымдастыру туралы ақпарат ұсынылды.