«Бәсекелес педагог – 2024» облыстық байқауы

«Бәсекелес педагог – 2024»  облыстық байқауы

ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру  және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ 2024 жылғы 20 желтоқсан күні жалпы орта білім беретін мектептердің және облыстық білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдеріне арналған «Бәсекелес педагог – 2024» облыстық байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаты – педагогтердің ғылыми-әдістемелік, кәсіби және ақпараттық, цифрлық құзыреттілік деңгейлерін арттыру, шығармашыл мұғалімдерді анықтау. 

Байқау 2 кезеңнен тұрады.

І кезең - аудандық/қалалық, аталған кезеңде екінші кезеңге қатысуға ұсынылатын педагогтер анықталады.

ІІ кезең – облыстық кезеңге әр аудан/қаладан 1 жеңімпаз (хаттама негізінде) қатысады.

Байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпаздары I, II, III дипломдармен марапатталады.

Өткізілу орны: ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру  және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ, 4 қабат