Жалпы республикалық педагогикалық кеңес

Жалпы республикалық педагогикалық кеңес

2020 жылдың 19 тамызында «2020-2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру» бойынша жалпы облыс мектептеріне арналған республикалық педагогикалық кеңестер өткізілді.

Педкеңес отырыстары онлайн-режимде өтті. Отырыс барысында жаңа оқу жылындағы оқу форматтары, оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау, 11-4 кезекші сыныптардың жұмыс режимі және жұмыс істеу қағидалары, қашықтан оқыту: мұғалімнің жұмыс орны және ережелер, техникалық дайындық және жұмыс орны,  қашықтан өткізетін сабақты әзірлеу алгоритмі, мектепте қашықтан оқытуда пайдаланатын білім беру интернет-платформасымен танысу,  жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау ерекшеліктері мәселелері талқылады.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығымен бекітілген 2020-2021 оқу жылында білім беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарымен танысты.

Жалпы республикалық іс-шараға облыстың 20000-нан астам педагог  қатысты.