«Тең мүмкіндіктер» республикалық фестиваліндегі жеңіс

«Тең мүмкіндіктер» республикалық фестиваліндегі жеңіс

1-4 желтоқсан аралығында Астанада «AMANAT» партиясының "Кедергісіз келешек" жобасы аясында «Тең мүмкіндіктер» Республикалық инклюзивті спорт фестивалі өтті.

Бұл атаулы іс-шара еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ге жуық баланы біріктірді, олардың үштен бірі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар болды.

Іс-шараның негізгі мақсаты әлеуметтік белсенділікті дамыту ғана емес, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен олардың  құрдастары арасындағы сенімділікті, өзара сыйластықты және достық байланыстарды нығайту болды.

Жеңіл атлетикадан аға топтар арасында бірінші орынды Глубокое ауданының командасы жеңіп алды, С. С. Тұяқбаевтың басшылығымен "№1 Белоусов орта мектебі" КММ оқушылары Панов Олег, Колтунов Александр және Максименко Егор керемет нәтижелер көрсетіп, республикалық жарыстың нағыз жеңімпаздары атанды!

Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз және оларға ең жоғары мақсаттарға жету үшін жаңа жетістіктер, денсаулық және сарқылмас қуат тілейміз!