Өзара тиімді ынтымақтастық мақсатында ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік ақпараттандыру және білім беруді дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы мен «Көкжиек-Горизонт» баспасы арасында Меморандумға қол қойылды.
Меморандум облыс педагогтерін әдістемелік сүйемелдеуге, ынтымақтастықты нығайтуға және серіктестік қатынастарды орнатуға бағытталған.
Меморандум шеңберіндегі ынтымақтастық өңірлік ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастыратын конференцияларда, форумдарда, диалог алаңдарында білім беру саласындағы ғылыми-әдістемелік ақпараттармен және озық тәжірибемен алмасу түрінде жүзеге асырылады.
Бұл Меморандум бірлескен ғылыми зерттеулер, әзірлемелер, сондай-ақ оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттерді дайындау және жариялау бойынша бірлескен ғылыми-практикалық жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді.
Жалпы, ғылым мен білім берудің интеграциясы күшейтіледі, бұл ғылымның елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына қосқан үлесінің артуына әкеледі.
Меморандум білім беру және ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастықтың бірқатар басым бағыттарын дамыту үшін негіз береді.