
2024 жылдың 6 желтоқсанында Өскемен қаласында «Ашық жүрек» облыстық волонтерлер слеті өтті. Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының волонтерлері қатысты.
Слетті ШҚО білім басқармасы мен «Өскемен көпсалалы технологиялық колледжі» КММ ұйымдастырды. Колледж базасында волонтерлерге арналған төрт тренинг алаңы жұмыс істеді: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік», «Алғашқы медициналық көмек көрсету Мастер-класс», «Командалық іс-әрекет», «Волонтерлік жұмыс барысында».
Слет барысында «Ашық жүрек» клубтарының жетекшілері үшін «Шығыс Қазақстан облысында волонтерлікті дамыту: мәселелері, мүмкіндіктері, ынтымақтастығы» тақырыбында диалог алаңы өткізілді.
Слетте волонтерлер арасындағы «Үздік волонтер», «Үздік волонтер жобасы», "Үздік клуб жетекшісі" байқауларының қорытындысы шығарылды:
«Үздік волонтер»: «Риддер колледжі» КММ – Власова Злата, 3 курс студенті;
«Үздік волонтер жобасы» (бағыттар бойынша):
«Әлеуметтік желідегі ең үздік волонтерлер тобы» – «Глубокое аграрлық колледжі» КММ.
«Волонтерлік қозғалысының үздік жетекшісі» – Аманбаева Сауле Каденовна «Риддер колледжі» КМҚК.
Ең үздік волонтерлер клубтары: «Үлкен Нарын колледжі» КММ, «Риддер колледжі» КМҚК, «Самар аграрлық-техникалық колледжі» КММ.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілігі үшін студенттер мен мамандарды марапаттады.
Слетке 200 волонтер және клуб жетекшілер қатысты. Байқау қорытындысы бойынша колледждердің волонтерлік клубтары ШҚО білім басқармасының дипломдарымен, мадақтамаларымен және алғыс хаттарымен марапатталды.