
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2024 жылдың 5–6 желтоқсан аралығында Алматы қаласында «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының қорытынды (республикалық) кезеңін өткізді.
Конкурс пәндер бойынша таңдау курстарын, арнайы курстар, элективті курстар, оқу пәндерінің авторлық бағдарламаларын құрастыратын үздік мұғалімдердің алдыңғы қатарлы авторлық тәжірибесін анықтау және тарату мақсатында өткізілді.
Конкурс қорытындысы бойынша жүрделі орын иелері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің дипломдарымен және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамоталарымен марапатталды.
І дәрежелі дипломмен Саканова Жанар Муратқызы, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№47 жалпы білім беретін мектеп» КММ көркем еңбек пәнінің мұғалімі;
ІІ дәрежелі дипломмен Нуксарина Альмира Кабдуалиевна, ШҚО ББ Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласының №9 орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі;
ІІ дәрежелі дипломмен Мейрбаев Мади Канатович, ШҚО ББ Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Сарытерек орта мектебі» КММ тарих пәнінің мұғалімі;
ІІ дәрежелі дипломмен Чудиновская Мария Александровна, ШҚО ББ Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «Дінмұхамед Қонаев атындағы №3 орта мектебі» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
ІІ дәрежелі дипломмен Макиенко Оксана Владимировна ШҚО ББ «Математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ информатика пәнінің мұғалімі;
«Кәсіби шеберлік көрсеткені үшін» грамотасымен Коканова Гульмира Турысбекқызы, ШҚО ББ Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Х. Мустафина атындағы мектеп-лицейі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсының жеңімпаздарын жеңістерімен құттықтаймыз!