Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы «Білім беру» саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсының облыстық кезеңі

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы «Білім беру» саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсының  облыстық кезеңі

2024 жылғы 4 желтоқсанда Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы «Білім беру» саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.

Конкурс мақсаты – педагогикалық мамандықтар және жалпы білім беретін пәндер оқытушысы мамандығының мәртебесін арттыру, конкурсқа қатысушылардың педагогикалық тәжірибесін ұсыну және танымал ету.

Конкурсқа Өскемен жоғары политехникалық колледжі, № 1 Өскемен колледжі,  Риддер колледжі, Зайсан технология колледжі, Өскемен  көпсалалы  технология колледжі, Марқакөл ауылының мектеп-интернат-колледжі, Өскемен құрылыс колледжі, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Жоғары колледжі, Глубокое аграрлық колледжі, Қазақстан-Американдық еркін университеті Жоғарғы колледжінің педагогтері қатысты.

 Қатысушылардың жұмыстары халықаралық WorldSkills стандарттарына сәйкес CIS жүйесі арқылы бағаланды. Жиынтық хаттаманың шешімі бойынша облыстық кезеңінің жеңімпаздары, жүлдегерлері және номинанттары анықталды:

Арнайы пәндер бойынша:

I орын - Даирбекова Адема Ерлановна, Өскемен жоғары  политехникалық колледжінің оқытушысы;

II орын - Коротицкая Марина Дмитриевна, Өскемен  көпсалалы  технология колледжінің оқытушысы;

III орын - Кайракбаев Дастан Кенжебекович, Зайсан технология колледжінің оқытушысы.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша:

I орын - Сләмғалиева Назым Аблайханқызы, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің оқытушысы;

II орын - Омариева Лунара Акылбековна, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Жоғары колледжінің оқытушысы;

III орын - Қабышева Айгүл Мұхаметқалиқызы, Өскемен жоғары политехникалық колледжінің оқытушысы;

ІІІ орын - Резабекқызы Гулбаршын, Риддер колледжінің оқытушысы.

Арнайы пәндер (педагогика) бойынша:

I орын - Александров Александр Андреевич, Қарасұқ педагогикалық колледжінің оқытушысы;

І орын - Мұратова Әсем Мұратқызы, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің оқытушысы;

II орын - Аймуханбетова  Гульназ Ахметовна, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің оқытушысы;

II орын - Бакетаева Гулшат Турсыновна, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің оқытушысы.

«Үздік маман» номинациясының иегерлері:

Муратбаева Гульсум Амангельдиновна, № 1 Өскемен колледжінің оқытушысы;

Жайлаубаева Айжан Рыскалиевна, Зайсан технология колледжінің оқытушысы.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дипломдарымен марапатталып, қатысушыларға сертификаттар табысталды.