Математикалық сауаттылығын дамыту

Математикалық сауаттылығын дамыту

Бүгінде оқушылардың білімді болуы ғана емес, сонымен қатар қазіргі қоғамға сəтті бейімделуге, күнделікті өмірде көптеген мəселелерді шеше білуге, дағдылар мен іс-əрекет тəсілдерін қолдану қабілеттерін қалыптастыру талап етілуде. Осындай жағдайларды дайындауда мұғалімдер маңызды рөл атқарады, ал оқушылардың қалыптасуы функционалдық сауаттылықты дамыту жолымен жүреді. Функционалдық сауаттылықтың бір бағыты математикалық сауаттылық болып табылады. Математикалық сауаттылық – адамның өзі өмір сүретін əлемдегі математиканың рөлін анықтау жəне түсіну, жақсы негізделген математикалық пайымдауларды білдіру, математиканы қазіргі жəне болашақта шығармашылық, қызығушылық танытатын жəне ойлайтын азаматқа тəн қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін пайдалану қабілеті.

Осындай мақсатта «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ-мен бірлесе 2024 жылы 4-желтоқсан күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы Курмангалиева Гулжан Кенесбековна және Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Қ.Билялов атындағы мектеп-лицей» КММ математика пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Бекбосынова Ардақ Рамазановнамен бірлесіп, математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық сауаттылығын дамыту» тақырыбында интерактивті сабақ өткізді.   

Математикалық сауаттылықтың маңызды сипаттамасы – нақты өмірдегі есептерді шешу, сыни ойлау дағдыларын дамыту, коммуникативтік дағдыларды жетілдіру және жаңа технологияларды пайдалану. Білім алушы- математикалық ақпаратты ұсына жəне түсіндіре білуі, өз əрекеттерінің нəтижелерін сипаттай білуі, талдаудың немесе бағалаудың логикасын түсіндіре білуі, негіздей білуі керек.

Математиканы оқытуда оқушыларға оқу материалын есте сақтау ғана емес, осы материалы шығармашылықпен қолдану шеберлігін қалыптастыруға көп көңіл бөлуіміз керек. Болашақ мамандар бүгін алдымыздағы оқушылар болғандықтан, ертеңгі өрелі істері мен ізденіс шеберліктерін бүгіннен дамытуымыз керек. «Бала бақыты – жақсы ұстаздың қолында» деп текке айтылмағаны шындық.