“OnlineMektep.org тренингі – орта білім беру ұйымдарындағы қашықтан оқыту жүйесі”

“OnlineMektep.org тренингі – орта білім беру ұйымдарындағы қашықтан оқыту жүйесі”

2020 жылғы 18 тамызда Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы «Bilim Media Group» ЖШС-мен бірлесіп «Онлайн-мектеп BilimLand» Youtube каналында «Online Mektep.org» жаңа цифрлық модулін қолдану бойынша оқыту вебинарын өткізді.

Модульде 1-11 сынып оқушыларына цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану арқылы білім алуға және педагогтармен кері байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік берілген.

Онлайн сабақ кезінде облыстың барлық аудандары мен қалаларының білім бөлімдерінің мамандары, мектеп директорларының орынбасарлары және пән мұғалімдері осы платформа арқылы оқушыларды оқытудың жаңашылдықтарымен және әртүрлі тәсілдерімен танысты.

Оқыту барысында жаттықтырушылар цифрлық модульдің функционалын, оқыту мониторингін, сабақ кестесін қалыптастыруды, оқушылармен кері байланыс орнату тәсілдерін, үй тапсырмаларын тексеру мен бағалауды, оқушыларды мұғаліммен бейне конференция арқылы қосу мүмкіндігін көрсетті.

Семинар тыңдаушылары тренерлердің жұмысына оң баға берді.  Қатысушылар порталдың физика, математика, химия, биология және география бойынша виртуалды зертханалардың болуы сияқты артықшылықтарын ерекше атап өтті.

Облыс бойынша білім алушылардың жалпы саны 600-дан астам адамды құрады.