
2024 жылғы 29 қарашада Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы базасында шахматтан «Ақбозат» 9-11 сынып оқушылары арасында Ұлттық Мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.
Мақсаты - оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған командалар:
І орын – «О. Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ, Өскемен қаласы;
ІІ орын – «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ;
ІІІ орын – «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!
Алдағы уақытта табыстар мен жетістіктер тілейміз!